Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Степной жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Степная общеобразовательная школа отдела образования Житикаринского района» Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
3
Мамыр
2023
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Степной жалпы білім беретін мектебі» КММ
Алғыс айту күнін мерекелеу аясында азаматтық – патриоттық тәрбие беру және рухани – адамгершілік мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектепте 1-9 сынып оқушылары арасында "Татулық тұтқасы – бірліктің бесігі" тақырыбында әдеби марафон, "Алғыс айту – ізгіліктің бастауы" тақырыбында пікірталас турнирі, алғыс хаттар жазу және сынып сағаттар өткізілді.
3
Мамыр
2023
|
🔹Құрметті ата-аналар! 🔸2022 жылы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанынан балаларға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтініштерді қарау үшін сараптамалық топ құрылғанын хабарлаймыз. Сараптама тобының құрамына орталық мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді. Сараптама тобының негізгі міндеттері балаға қатысты кибербуллинг туралы өтініштерді қарау, өтініштерде көрсетілген кибербуллинг фактілерін бағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ кибербуллинг фактілерінің болуы немесе болмауы туралы шешім шығару болып табылады. Балаға қатысты кибербуллингтің расталған фактілері бойынша сараптама тобы балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою үшін интернет-ресурстың меншік иесіне және (немесе) заңды өкіліне нұсқаманы дереу жібереді.