Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Степной жалпы білім беретін мектебі» КММ
15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні. Мектепте 1-9 сынып оқушылары арасында «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Кітапхана Ұлттық валюта күніне арналған көрме ұйымдастырды.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы туралы ақпарат беру;
Оның пайда болу тарихымен таныстыру, еліміздің және әрбір адамның экономикасындағы рөлі мен маңызын анықтау;
Отансүйгіштікке, азаматтыққа, еліміздің экономикалық тәуелсіздігін мақтан етуге тәрбиелеу.