Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Степной жалпы білім беретін мектебі» КММ
Алғыс айту күнін мерекелеу аясында азаматтық – патриоттық тәрбие беру және рухани – адамгершілік мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектепте 1-9 сынып оқушылары арасында "Татулық тұтқасы – бірліктің бесігі" тақырыбында әдеби марафон, "Алғыс айту – ізгіліктің бастауы" тақырыбында пікірталас турнирі, алғыс хаттар жазу және сынып сағаттар өткізілді.