Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданы білім бөлімінің Степной жалпы білім беретін мектебі" КММ
Балалар жылы аясында А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған викторина өткізілді. Аталған іс-шараға "Жас Ұлан" және мектеп парламентінің мүшелері қатысты .
Іс-шараның мақсаты: мәселелерді шешу бойынша оқушылардың дербестігін дамыту; өз қызметінің нәтижелеріне жауапкершілік сезімін тәрбиелеу; белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
Іс-шара барысында келесі тапсырмалар орындалды:
- Кластер
- Тест
- Жетіспейтін сөздер
- Жас аудармашы
- Синквейн.
Іс-шараның барлық қатысушылары тапсырмаларды орындады . Екі команда тапсырмаларды тез және дұрыс орындауға тырысты. Барлық тапсырмалардан кейін қатысушылар бір-бірін өзара бағалады.